«СолтҚазАШҒЗИ» ЖШС-ауыл шаруашылығы саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге (ҒЗТКЖ) маманданған ғылыми-зерттеу институты. Институт Қазақстан Республикасының солтүстік өңірінде мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, жемшөп өндірісін дамытуды ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«СолтҚазАШҒЗИ» ЖШС миссиясы - ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы жануарлары мен дақылдарының өнімділігін арттыру арқылы Солтүстік Қазақстанның аграрлық секторының тұрақты дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Миссияны іске асыру үшін институт мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Мал шаруашылығы саласында қолданбалы ҒЗТКЖ жүргізу: сүтті және етті мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы;
- Сүт және ет өндірісінің энергия және ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеу және енгізу;
- Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру бойынша селекциялық жұмыс;
- Жемшөп рационын оңтайландыру және жайылымдар мен жемшөп дақылдарын тиімді пайдалану технологияларын әзірлеу;
- Ауыл шаруашылығы жануарларының көбею қызметін жақсарту үшін биологиялық белсенді заттарды зерттеу және енгізу;
- Ғылыми-инновациялық ортаны дамыту және халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;
- Мал шаруашылығының барлық салалары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға қатысады;
- Аграрлық саладағы ғылыми әзірлемелерді танымал ету және коммерцияландыру.
«СолтҚазАШҒЗИ» ЖШС Солтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істейді, отандық аграрлық ғылымның дамуына үлес қосады және қазақстандық ғылыми әзірлемелерді халықаралық деңгейге шығаруға ұмтылады.
Мақаланы құрған күні 19.06.2025 12:12
Мақаланы жаңартқан күні 06.10.2025 09:50