2025 жылғы 24 шілдеде Солтүстік Қазақстан ғылыми — зерттеу институты Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Дайындық ауылында "Жемшөп өндірісі – мал шаруашылығын тиімді жүргізудің негізі" атты семинар – кеңес өткізді.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің м.а., бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетов, аграрлық сектор, ғылыми мекемелер мен бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.
АгроФид — 2025 көрме алаңында компаниялар жем — шөп өндіруге арналған заманауи ауыл шаруашылығы техникасын ұсынды. Тыңайтқыштар, тұқымдар және өсімдіктерді қорғау құралдары да енгізілді. Дәріс беруші-Жантілеуов Данияр Амангелдіұлы, ауыл шаруашылығы кандидаты, мал шаруашылығы бойынша сарапшы, "СолтҚазАШҒЗИ" ЖШС мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.

25.08.2025
Қаралым саны: 110
Қаралым саны: 110



