2025 жылғы 22 тамызда "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында және "Ауыл Аманаты" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Қазақстанның солтүстік өңірінде етті ірі қара малды өсіру және көбейту"тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері, жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің өкілдері қатысты. Дәріскер ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Д.А. Жантлеуов болды, ол етті ірі қара малды өсіру және көбейту технологиясы мәселелерін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы экономика басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері "Ауыл Аманаты" бағдарламасының тетіктері мен мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қаралым саны: 109




